01.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Алматыда Чемпиондар лигасында «Реалды» қабылдайды

«Қайрат» Алматыда Чемпиондар лигасында «Реалды» қабылдайды

Алматының Орталық стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші тур матчы басталды — алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалды» қабылдауда.

Команда жаттықтырушылары бастапқы құрамдарын анықтады. «Қайрат» келесі құраммен алаңға шығады:

  • ҚалмырзаТапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш МатаМрынский, ҚасабұлатАрад, Громыко, ЖоржиньоСатпаев

«Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо мынадай құрам жасақтады:

  • КуртуаАсенсио, Хёйсен, Алаба, Фран ГарсияЧуамени, СебальосГюлер, Мастантуоно, ВинисиусМбаппе

Бірінші турда алматылық клуб сыртта «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңілсе, мадридтіктер өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді.