03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайғылы оқиға: Ливерпуль шабуылшысы Диого Жота автокөлік апатынан қаза тапты

Қайғылы оқиға: Ливерпуль шабуылшысы Диого Жота автокөлік апатынан қаза тапты

BBC Sport мәліметінше, «Ливерпуль» шабуылшысы Диого Жота мен оның бауыры Андре Силва Испанияның Самора провинциясында автокөлік апатынан қаза тапты.

Қайғылы оқиға түнде орын алды — басып озу кезінде шинаның жарылуынан кейін ағайындылар отырған Lamborghini автокөлігі өртеніп кетті. Диого Жота 28 жаста, ал оның бауыры Андре 26 жаста болатын.

Небәрі екі апта бұрын Жота ұзақ жылғы серігі Руте Кардозомен үйленген, жұптың үш баласы бар. Жақында Португалия құрамасының құрамында ол Ұлттар лигасының жеңімпазы атанып, финалда Испанияны жеңген болатын.

«Португалия футбол федерациясы мен бүкіл португал футболы қатты күйзелісте. Диого Жота құрама үшін 50-ге жуық ойын өткізген керемет ойыншы ғана емес, сонымен қатар бәріне сыйлы ерекше адам болды», — делінген федерация мәлімдемесінде.

Андре Силва екінші дивизиондағы «Пенафиел» клубында өнер көрсетті — соңғы екі маусымда ол лигада 59 матч өткізді.

«Диого Жотаның, Португалия атын әлемге танытқан спортшының және оның бауырының қазасы туралы хабар — күтпеген әрі қайғылы оқиға», — деді Португалияның премьер-министрі Луис Монтенегро.