23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Путинцева Вашингтон турнирін алғашқы айналымда аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Путинцева Вашингтон турнирін алғашқы айналымда аяқтады

Қазақтандық теннисші Юлия Путинцева WTA санатындағы Вашингтон турнирінің бірінші айналымында жарыс жолынан шығып қалды. Ол жапониялық Наоми Осакаға қарсы өткізген кездесуде жеңілді.

Матч екі сетте аяқталды — 2:6, 5:7. Екінші партияда Путинцева біраз қарсылық көрсеткенімен, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасына жол берді.

Осылайша, Юлия турнирді алғашқы кезеңде аяқтады. Ал Осака келесі айналымда британиялық Эмма Радуканумен кездеседі.