30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Путинцева тосын сый жасай алады»: Анисимоваға қарсы матчқа сарапшы болжамы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Путинцева тосын сый жасай алады»: Анисимоваға қарсы матчқа сарапшы болжамы

Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы кездесу жайлы Sport Pulse порталына спорт журналисі Зарина Козова пікір білдірді:

— Былтыр Юлия Путинцева шөпте керемет нәтиже көрсетті. Ол Бирмингемдегі турнирде жеңіске жетіп, Уимблдонның төртінші айналымына дейін барды. Сол жерде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швьонтекті сенсациялық түрде жеңіп, сенімді әрі кемел ойынымен көзге түсті. Биылғы маусымда Путинцева шөптегі турнирлерде бұлай жарқырап көріне алмады. Уимблдон алдындағы ойындарда сенімділік жетіспей жатты.

Алдағы бірінші айналымда оны оңай емес сынақ күтіп тұр — Аманда Анисимова. Америкалық теннисші тамаша формада: жуырда Лондонда өткен шөптегі турнирдің финалына шықты, Берлинде ширек финалға дейін жетті. Қазіргі сәтте Анисимованың келесі кезеңге өту мүмкіндігі көбірек сияқты.

Дегенмен, егер Путинцева өткен жылғы Швьонтекке қарсы көрсеткен сенімді ойынын қайталай алса, бұл кездесуде бізді жағымды тосынсый күтіп тұрғаны анық, — дейді сарапшы.

Еске салайық, Юлия Путинцева мен Аманда Анисимова арасындағы Уимблдон–2025 турнирінің бірінші айналым матчы бүгін, 30 маусым күні Астана уақытымен 19:55-те өтеді.