31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Путинцева Ролан Гарростың үшінші айналымында Ресейдің бірінші ракеткасына жол берді

Путинцева Ролан Гарростың үшінші айналымында Ресейдің бірінші ракеткасына жол берді

Франция ашық біріншілігінің үшінші айналым матчында қазақстандық Юлия Путинцева ресейлік Мирра Андреевадан жеңілді, деп хабарлайды Roland Garros.

Әлемнің алтыншы ракеткасы — WTA рейтингінде 31-ші орында тұрған теннисшіні 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Андреевамен кездескенге дейін қазақстандық теннисші — турнирдің екі айналымын сәтті өткен болатын:

  • Аргентиналық Солана Сьеррадан (110) жеңіс — 7:6, 6:2
  • Тайваньдық Джоанна Гарлендтен (175) жеңіс — 7:6, 6:3

Путинцева үшін турнир аяқталды, ал Ресейдің бірінші ракеткасы Үлкен дулыға турнирінің 1/8 финалында күресін жалғастырады.