28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Путинцева Ролан Гарростың келесі кезеңіне сенімді өтті

Путинцева Ролан Гарростың келесі кезеңіне сенімді өтті

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Франция Ашық біріншілігінде сәтті бастау алды — теннисші турнирдің алғашқы матчында жеңіске жетті.

Ролан Гарростың бірінші айналымында WTA рейтингінде 31-орында тұрған қазақстандық спортшы Солана Сьеррамен кездесіп, қарсыласын екі сетте 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

Путинцеваның келесі қарсыласы АҚШ пен Тайваньды білдіретін Кэти ВолынецДжоанна Гарленд жұбының жеңімпазы болады.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей рейтингінде Путинцева екінші орында тұр — одан жоғары тек әлемдік рейтингте 11-орынды иеленген Елена Рыбакина орналасқан.