Оқу уақыты: 1 мин

Путинцева Парма турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті

Путинцева Парма турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті

Olympic.kz хабарлауынша, Юлия Путинцева Италияның Парма қаласындағы беделді теннис турнирін сәтті бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші — Жапония өкілі Эна Шибахарамен кездесті.

Матч Путинцеваның екі партиядағы сенімді жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:4.

Қазақстандық спортшының 1/8 финалдағы қарсыласы жақын арада анықталады.