20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Путинцева мен Носкова Дубайдағы турнирде таң қалдырды

Путинцева мен Носкова Дубайдағы турнирде таң қалдырды

Inbusiness.kz хабарлауынша, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева чехиялық спортшы Линда Носковамен бірге Дубайдағы WTA 1000 турнирінде (жүлде қоры — 3,6 млн доллардан астам) әсерлі нәтижеге қол жеткізді.

Қызығы Dubai Duty Free Tennis Championships-2025 жекелей сайысында Носкова бірінші айналымда Путинцевадан күшті болып шықты. Алайда жұптық сайыста спортшылар күштерін біріктіруге шешім қабылдады. Ван Синь Юй — Чжэн Сайсай қытай дуэтін жеңгеннен кейін қазақ-чех жұбы турнирдің екінші нөмірлі жұбымен кездесті.

Канада-австралиялық жұп Габриэлла Дабровски мен Эрин Рутлиффке қарсы ойында тартысты күрес өрбіді: бірінші сет фавориттердің еншісінде — 6:4. Екінші партияда Путинцева мен Носкова басым болды — 6:3. Шешуші супер тай-брейкте рейтингсіз теннисшілер (4-0 есебімен жылдам алға шықты) сенімді түрде жеңіске жетті — 10:2.

Бүгін Путинцева-Носкова беделді турнирдің жартылай финалына шығу құқығы үшін қытайлық жұп Сюй ИфаньЧжаосюань Янмен күш сынасады.