09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«ПСЖ» жазда Доннарумманы сатпақ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«ПСЖ» жазда Доннарумманы сатпақ

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы негізгі қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманы трансферге қою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы журналист және инсайдер Николо Скира X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Ақпаратқа сенсек, тараптар келісімшартты ұзарту жөнінде ортақ мәмілеге келе алмаған. Париждіктер 2026 жылдың жазында келісімі аяқталатын қақпашыны тегін жіберіп алмау үшін оны сатуға ниетті.

Бұған қоса, бұған дейін «ПСЖ» «Лилль» қақпашысы Люка Шевальемен бес жылдық келісімшартқа жақын екені хабарланған.

26 жастағы Доннарумма 2021 жылы «Миланнан» ауысып келген. Сол уақыттан бері ол париждіктер сапында барлық турнирлерде 161 матч өткізіп, 156 гол жіберген. 56 ойында қақпасын «құрғақ» сақтаған. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны — €40 млн.