Оқу уақыты: 1 мин

«ПСЖ» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңуге бір қадам жақындады

«ПСЖ» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңуге бір қадам жақындады

Париждің «Пари Сен-Жермен» клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалында Лондонның «Арсеналын» 2:1 есебімен жеңіп, екі матч қорытындысы бойынша 3:1 нәтижемен финалға жолдама алды.

Бұған дейін Еуропаның басты клубтық трофейін ешқашан иеленбеген париждіктер Луис Энрике баптаған құраммен биылғы маусымда ерекше командалық ойын көрсетіп келеді. Қорғаныс пен шабуыл арасындағы теңгерім, Ашраф Хакими мен Нуно Мендеш сынды қанат қорғаушыларының белсенділігі, сондай-ақ қақпашы Джанлуиджи Доннарумманың тамаша сейвтері — ПСЖ-ның табысты ойынының негізі болды.

«Арсенал» бапкері Микель Артета Доннарумманы бүкіл жартылай финалдың басты қаһарманы деп атады. Ал шабуыл шебінде Усман Дембеле ерекше көзге түсті — ол клуб тарихындағы бір маусымда ең көп нәтижелі әрекет жасаған ойыншы атанды (12 голға қатысу).

Финал 31 мамыр күні Мюнхендегі «Альянц Аренада» өтеді. Қарсылас — Италия чемпионы «Интер».

ПСЖ-ның бұрынғы жұлдызды үштігі — Месси, Неймар және Мбаппесіз — тарихтағы ең маңызды жекпе-жекке жас француздармен барғалы отыр.