23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«ПСЖ» «Сиэтл Саундерсті» тізе бүктіріп, топтық кезең мәселесін шешеді» – сарапшы

«ПСЖ» «Сиэтл Саундерсті» тізе бүктіріп, топтық кезең мәселесін шешеді» – сарапшы

Клубтық әлем чемпионатының үшінші турында «Сиэтл Саундерс» ПСЖ командасымен кездеседі. Матч Сиэтлдегі «Люмен Филд» стадионында өтеді .

Спорт сарапшысы Асқар Хамиден Sport Pulse порталына алдағы ойынға қатысты пікір айтты.

– «ПСЖ» – бұл ойынның, жалпы топтың фавориті. Себебі Чемпиондар лигасын жеңген клуб. Команда құрамында нәтиже әкеле алатын аяқдопшылар жетерлік. Одан бөлек, Луис Энрикенің ойын мәнері өте жоғары деңгейде. Сондықтан париждік клуб бұл кездесуде сенімді жеңіске жетіп, топтық кезең мәселесін нақты шешеді деп ойлаймын. Меніңше, «ПСЖ» екі голдан көп гол соғуы тиіс.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!