22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«ПСЖ» ойыншысы Хвича Кварацхелия қатардан шықты

«ПСЖ» ойыншысы Хвича Кварацхелия қатардан шықты

Грузиял ұлттық құрамасы мен франциялық «ПСЖ» клубының ойыншысы Хвича Кварацхелия қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы париждік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпарат көзіне сенсек «ПСЖ» ойыншысы бұлшық етін ауыртып алыпты.

Клуб бас бапкері Луис Энрике шәкірті ауыр жарақат алып қалмауы үшін «Анжеге» қарсы матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне қоспады.

Грузиялық вингер осыған дейін «ПСЖ-да» жарақатына байланысты тек бір ойыннан тыс қалған еді.