16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ПСЖ клубтық әлем чемпионатының бірінші турында Атлетиконы ойсырата жеңді

ПСЖ клубтық әлем чемпионатының бірінші турында Атлетиконы ойсырата жеңді

Клубтық әлем чемпионатының бірінші тур ойынында Пари Сен-Жермен мадридтік Атлетиконы ойсырата жеңді — «Роуз Боул» стадионындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Фабиан Руис 19-шы минутта Хвича Кварацхелияның пасынан есеп ашса, үзіліс алдында Витинья париждіктердің басымдылығын еселеді — тағы да грузин жартылай қорғаушының пасынан.

Екінші таймда Клеман Лангле 78-ші минутта екінші сары қағазын алып, мадридтіктерді азшылықта қалдырды. Ойын соңында Санни Меюлю үшінші допты соқты, ал Ли Кан Ин қосымша уақытта пенальтиді сәтті орындады.