01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ПСЖ Интерді жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

ПСЖ Интерді жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Париждік ПСЖ клубы — УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа жеңімпазы. Мюнхендегі финалдық матчта Луис Энрике басқарған команда Миланның Интер клубын 5:0 есебімен талқандады.

Париждіктер үшін бұл еуропалық клубтық турнирдегі алғашқы жеңіс — 2020 жылғы жалғыз финалда олар Мюнхеннің Бавария клубынан минималды есеппен жеңілген болатын.

Чемпиондар құрамында ресейлік қақпашы Матвей Сафонов пен грузиялық жартылай қорғаушы Хвича Кварацхелия өнер көрсетеді. 2011 жылдан бері катарлық инвесторлар иелік ететін клубты президент Нассер Әл-Хелайфи басқарады.