01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ПСЖ ЧЛ жеңісінен кейінгі тәртіпсіздіктер туралы мәлімдеме жасады

ПСЖ ЧЛ жеңісінен кейінгі тәртіпсіздіктер туралы мәлімдеме жасады

«Пари Сен-Жермен» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жеңісті тойлауға көлеңке түсірген оқиғаларға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды клубтың X-аккаунты.

«ПСЖ мерекелеу кезінде орын алған зорлық-зомбылықты қатаң түрде айыптайды. Еуропа чемпионы атағы – ұжымдық қуаныш сәті болуы керек, тәртіпсіздік пен бүлікке емес»

Париж клубы бұзақылардың іс-әрекеттері ұйымның құндылықтарына қайшы келетінін және маусон бойы команданы лайықты қолдаған көпшілік жанкүйерлердің мінез-құлқын көрсетпейтінін атап өтті.

«ПСЖ бұл тарихи жеңіс жалпы мақтаныш нысаны болып қалуы үшін барлығын жауапкершілік пен құрмет танытуға шақырады»