01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ПСЖ — Чемпиондар лигасының жеңімпазы

ПСЖ — Чемпиондар лигасының жеңімпазы

Париждің «ПСЖ» клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Финалда франциялық ұжым «Интерді» 5:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл – турнир финалдарындағы ең ірі жеңіс.

Финалдың басты кейіпкері – 19 жастағы Дезире Дуэ. Ол екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Тағы бір жас талант Сенни Маюлу алаңға шыққан соң бір минут өтпей голмен көзге түсті. Ал Хвича Кварацхелия шешуші ойында мергендігімен ерекшеленіп, Чемпиондар лигасын ұтқан екінші грузиялық футболшы атанды. Бұған дейін бұл жетістікке Каха Каладзе жеткен еді.

Гол авторлары: Хакими (12’), Дуэ (20’, 64’), Кварацхелия (73’) және Маюлу (87’).