01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ПСЖ Чемпиондар лигасының финалында Интерді жеңіп, рекорд орнатты

ПСЖ Чемпиондар лигасының финалында Интерді жеңіп, рекорд орнатты

Луис Энрике басқаратын париждік ПСЖ Чемпиондар лигасының финалында тарихи рекорд орнатты — команда миландық Интерді 5:0 есебімен жеңді.

Осы сәтке дейін бірде-бір клуб турнирдің шешуші матчында бес гол айырмашылығымен жеңіске жете алмаған еді. Бұған дейінгі рекорд төрт гол айырмашылығымен жеңген бірнеше командаға тиесілі болатын:

  • 1993 және 1989 жылдары Милан
  • 1974 жылы Бавария
  • 1960 жылы Реал Мадрид