Оқу уақыты: 1 мин

Прокуратура Ерлан Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокуратура Ерлан Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Zakon.kz мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы Арман Кизикен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сонымен қатар, прокурор сотталушыны «Айбын» II дәрежелі орденінен және кеден қызметінің полковнигі атағынан айыру туралы ел президентіне ұсыныс енгізуді сұрады.

Қожағапановқа Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр. Прокуратураның дерегінше, бұл істе бір миллиард теңгеден астам азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылуы тиіс.

Айта кетейік, Қожағапанов 2014–2016 жылдары Қазақстан футбол федерациясын басқарған. Ол 2023 жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр. Сот бұлтартпау шарасын өзгерту туралы бірнеше өтінішті қанағаттандырмаған.