11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Pro Hokei Ligasy жартылай финалистері анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде 1/4 финалдағы барлық матчтар аяқталды. Осылайша, жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды.

  • «Арлан» плей-оффтың алғашқы кезеңінде «Номадты» 4:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда «Сарыарқамен» кездеседі. Қарағандылық клуб «Алматыны» 4:3 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
  • «Торпедо» ширек финалда «Актобеден» 4:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалда «Хумо» командасымен ойнайды. Ташкенттік клуб «Горнякты» дәл осы есеппен 4:1 есебімен жеңді.

«Арлан» мен «Сарыарқа» арасындағы алғашқы ойын 13 наурызда өтсе, «Торпедо» мен «Хумо» 14 наурызда жартылай финалдық матчтарын бастайды