19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Pro Hokei Ligasy: «Арлан» финалға жақын, «Сарыарқа» соңғы мүмкіндік үшін күреседі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Pro Hokei Ligasy жартылай финалында «Арлан» финалға бір қадам қалды. «Сарыарқа» камбэктер жасауға шебер – олар бұған дейін «Алматыны» керемет түрде жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Алайда бұл жолы жағдай басқа, «Арлан» серияда 3:0 есебімен алда. Егер қарағандылықтар өз алаңында тағы бір жеңіліске ұшыраса, көкшетаулықтар финалға жолдама алады.

Екінші жартылай финалда «Торпедо» мен Ташкенттің «Хумо» командасы 1:1 есебімен тең келеді. Келесі екі матч Ташкентте өтеді, бұл кезеңнің тағдыры алдағы үш ойында шешілуі мүмкін.