27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Елордада Президент кубогы үшін теннистен ерлер арасында өтетін челленджер турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Амир Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Амир алғашқы айналымда жапониялық Имай Шинтаромен, Заңғар тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу сайысында Григорий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр және Даниэль Тазабеков бақ сынайды. Ислам түркиялық Арда Азкардан, Григорий жапониялық Тайсей Ичикавадан, Ерасыл оңтүстіккореялық Пак Юсунгтен, 17 жастағы Даниэль Жаронияның тағы бір өкілі Риотара Тагучиден өтуге тырысады.

АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы

Beeline Janymda — матчтарды қай жерде болсаңыз да тамашалаңыз, әсеріңізбен бөлісіңіз!