Оқу уақыты: 1 мин

Премьер-лиганың 2-турында өткен алғашқы төрт матчтың нәтижелері: «Оқжетпестің» жеңісі және «Ордабасының» ойсырай ұтылуы

Премьер-лиганың 2-турында өткен алғашқы төрт матчтың нәтижелері: «Оқжетпестің» жеңісі және «Ордабасының» ойсырай ұтылуы

8 наурызда футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында төрт матч өтті.

Көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді. «Астана Аренада» өткен астаналық «Жеңіс» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы кездесуде есеп ашылмады — 0:0. Алматыда өткен «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ұлытау» (Жезқазған) арасындағы матч та тең нәтижемен аяқталды. Қос команда гол соққан жоқ.

Ал, күннің соңғы матчында Алматының Орталық стадионында «Қайрат» шымкенттік «Ордабасы» қақпасына жауапсыз төрт доп тоғытты.

Сурет: instagram.com/fcokzhetpes/