17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Премьер-лигада алғаш рет қақпашының допты ұстап тұрғаны үшін бұрыштама тағайындалды

Премьер-лигада алғаш рет қақпашының допты ұстап тұрғаны үшін бұрыштама тағайындалды

Ағылшын Премьер-лигасының бірінші турындағы «Тоттенхэм» мен «Бернли» арасындағы матчта төреші Майкл Оливер тарихи жетістікке қол жеткізді — турнир тарихында алғаш рет қақпашының уақытты созғаны үшін бұрыштама тағайындады.

Оқиға матчтың төртінші минутында орын алды — қонақтар қақпашысы Мартин Дубравка айып алаңына допты лақтырғаннан кейін оны ережеде белгіленген сегіз секундтан артық ұстап тұрды, осы үшін төреші бұрын болмаған шешім қабылдады.