16.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Премьер-лига Boxing Day матчтарының кестесін жариялауды кейінге қалдырды

Премьер-лига Boxing Day матчтарының кестесін жариялауды кейінге қалдырды

Ағылшын Премьер-лигасы күнтізбедегі «қиындықтарға» байланысты желтоқсан мен қаңтар айларына толық матчтар кестесін ұсына алмады — бұл ұйымның мәлімдемесінен белгілі болды.

Жоспарланған толық ойындар кестесінің орнына — лига басшылығы тек 22 желтоқсанға дейінгі телевизиялық трансляцияларды жариялады. Boxing Day-де өтетін дәстүрлі 18-ші тур матчтары алдын ала 27 желтоқсанға ауыстырылды.

18-ші тур матчтарының тізімі:
* АрсеналБрайтон
* БрентфордБорнмут
* БернлиЭвертон
* ЧелсиАстон Вилла
* Кристал ПэласТоттенхэм
* ЛиверпульВулверхэмптон
* Манчестер ЮнайтедНьюкасл
* Ноттингем ФорестМанчестер Сити
* СандерлендЛидс
* Вест ХэмФулхэм

Ұлыбританияда Премьер-лига матчтарын көрсету құқығы Sky Sports пен TNT-ге тиесілі. 2019 жылдан 2024 жылға дейін Boxing Day матчтарын көрсеткен Amazon компаниясы жаңа тендерде құқықтарынан айырылды.