02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Постекоглудың Тоттенхэмдегі болашағы жақын күндері шешіледі

Постекоглудың Тоттенхэмдегі болашағы жақын күндері шешіледі

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Тоттенхэм» төрағасы Дэниэл Леви жақын арада бас бапкер Эндж Постекоглудың келешегі туралы шешім қабылдайды.

Лондон клубының басшылығы мүмкін мұрагерлер ретінде екі кандидатураны қарастыруда – «Брентфорд» жаттықтырушысы Томас Франк пен «Фулхэм» тізгінін ұстаушы Марку Силва.

Постекоглудың жетекшілігімен «шпорлар» Ағылшын Премьер-лигасында 17-ші орынға түсті – алайда команда Еуропа Лигасының трофейін жеңіп алды.