25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Порзингис бастаған Латвия құрамасы Еуробаскет-2025 құрамын жариялады

Порзингис бастаған Латвия құрамасы Еуробаскет-2025 құрамын жариялады

ФИБА ресми сайтының мәліметінше, Лука Банки басқаратын Латвия құрамасының бапкерлер штабы алдағы Еуропа чемпионатына баратын құрамды бекітті.

Соңғы тізімге «Атланта» клубының жұлдыз шабуылшысы Кристапс Порзингис пен «Дубай» командасының тәжірибелі мергені Давис Бертанс енді.

  • Марекс Мейерис («Клуж-Напока»)
  • Дайрис Бертанс («Рига»)
  • Роландс Шмитс («Анадолу Эфес»)
  • Клавс Чаварс («Сабах»)
  • Рихардс Ломажс («Бонн»)
  • Андрейс Гражулис («Ховентуд»)
  • Марцис Штейнбергс («Манреса»)
  • Артурс Куруц («Бреоган»)
  • Артурс Жагарс («Фенербахче»)
  • Кристерс Зорикс («Ле-Портель»)

Дайындық кездесулерінде латвиялықтар әртүрлі нәтиже көрсетті — Словения мен Италияны жеңіп, Литва, Италия және Грекиядан жеңіліс тапты.

Еуробаскет-2025 бірнеше күннен кейін төрт елде — Кипр, Финляндия, Польша және Латвияда басталады. Латвия құрамасы А тобында Сербия, Чехия, Эстония, Португалия және Түркиямен кездеседі.