09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Португалия Ұлттар лигасының финалында Испанияны пенальти сериясында жеңді

Португалия Ұлттар лигасының финалында Испанияны пенальти сериясында жеңді

Мюнхеннің «Альянц Арена» стадионында өткен Ұлттар лигасының финалдық матчында Португалия құрамасы Испания командасын пенальти сериясында жеңді — негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды.

Испания құрамасы атынан Мартин Субименди мен Микель Ойарсабаль гол соқса, португалдықтар жағынан Нуну Мендеш пен Криштиану Роналду мячты дәл көздеді.

Матчтан кейінгі пенальти сериясында Альваро Мората жалғыз соққыдан қателесті, осылайша Португалия құрамасы өз тарихында екінші рет Ұлттар лигасының трофейін жеңіп алды.