09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Португалия Испанияны пенальтиден жеңіп, Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды

Португалия Испанияны пенальтиден жеңіп, Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды

Ұлттар лигасының шешуші ойындарында турнир жүлдегерлері анықталды. Үшінші орын үшін кездесуде Франция құрамасы — Штутгарттағы МХП-Арена стадионында Германия командасын 2:0 есебімен жеңді.

Турнирдің басты жүлдесі үшін Португалия мен Испания құрамалары Мюнхеннің Альянц Арена стадионында күш сынасты. Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды — пенальти сериясында португал футболшылары 5:3 есебімен дәлірек болып, жеңіске жетті.