11.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Португалия – Франция: 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына болжам (12.06.2025)

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Португалия – Франция: 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына болжам (12.06.2025)

2025 жылғы 12 маусымда Астана уақытымен 00:00-де Словакияның Тренчин қаласындағы «На Сиготи» стадионында 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты аясында Португалия және Франция құрамалары кездеседі. Бұл елдердің негізгі құрамалары жуырда ғана Ұлттар лигасының финалдық кезеңінде жақсы өнер көрсеткен болатын. Енді жастар құрамалары да жоғары деңгейде ойын көрсете ала ма – соны бағамдап, матчқа болжам ұсынамыз.

Португалия
Португалияның жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Андорра, Фарер аралдары, Грекия, Хорватия және Беларусь командаларымен бір топта ойнады. Жеребе сәтті түскенін айтуға болады. Соған қарамастан, Жорже Руи шәкірттері тамаша нәтиже көрсетті – 10 матчтың 9-ында жеңіске жетіп, топ жеңімпазы атанды. Жалғыз жеңіліс гректерге қарсы тіркелді (1:2). Жалпы есеп – 33:6.

Франция
Франция құрамасы өз тобының басты фавориттерінің бірі саналады. Бұл топта француздардан бөлек, португалдар, поляктар және грузиндер өнер көрсетеді. Алайда Франция іріктеу кезеңін қиындықпен өткерді – 8 турда небәрі 16 ұпай жинап, өз тобында екінші орын алды. Дегенмен үздік екінші орын иелерінің үштігіне еніп, Еуро турниріне жолдама алды. Жераль Батикл шәкірттері соңғы жолдастық кездесулерде жақсы форма көрсетіп, қатарынан үш ойында жеңіске жетті. Соның ішінде Англия құрамасымен болған голға бай кездесуде 5:3 есебімен басым түсуі ерекше есте қалды.

Статистика және өзара кездесулер
2003 жылдан бері бұл құрамалар тек бес рет кездескен. Жеңістер бойынша Франция алда – 3:2. Алайда соңғы рет жастар құрамалары 2014 жылы кездескен.

Болжам
Португалия – Франция матчына болжамымыз – португалдар жеңілмейді. «Үш түсті» команданың ойыны сенімділік ұялатпайды, құрамдас бөліктері әлсіз. Ал португалдар ұйымдасқан ұжым ретінде ерекшеленеді – бұл осы матчта шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан Португалия жеңілмейді (1Х) деген бәс тігуге 1.54 коэффициент ұсынылады.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча