03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Попко Италиядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Попко Италиядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 237-орын) Генуядағы (Италия) Челленджерді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко бірінші айналымда италиялық Марко Чеккинатомен (279-орын) кездесіп, қарсыласты екі сетте – 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.

Дмитрийдің бұл турнирдегі келесі қарсыласы Лучано Дардери (Италия, 34-орын) — Федерико Арнаболди (369-орын) кездесуінің жеңімпазы болмақ.

Жарыстың жүлде қоры 181 250 еуроны құрайды. Жеңімпаз 25 740 еуро жинап, 125 рейтингтік ұпайға ие болады.