10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Попко АҚШ-тағы жарыста сүрінді

Попко АҚШ-тағы жарыста сүрінді

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Фэрфилд қаласында өтіп жатқан ATP Challenger Series турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңдеПопко америкалық Даниэль Милавскиймен кездесті. 2 сағат 13 минутқа созылған кездесу 6:4, 3:6, 4:6 есебімен америкалықтың пайдасына шешілді.

Ширек финалда Милавский Майкл Ммох (АҚШ) пен Дж.Дилан Хара Френд (Жапония) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.