13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Поляк журналист Черчесовтың құрамаға келу мүмкін еместігін түсіндірді

Поляк журналист Черчесовтың құрамаға келу мүмкін еместігін түсіндірді

Matchtv.ru хабарлауынша, «400mm» агенттігінің поляк журналисі Петр Куча Станислав Черчесовтың Польша ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Михал Пробеж кеткеннен кейін Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бос қызметке үміткерлер тізіміне енгені туралы қауесет тарады — алайда мұндай тағайындау елеулі қақтығысқа әкелуі мүмкін.

Черчесовтың Польша құрамасына үміткер болғаны туралы ешкім айтқан жоқ. Қазіргі жағдайда мұндай тағайындау мүмкін емес, Польша құрамасын орыс жаттықтырушысының баптағанын ешкім түсінбейді. Ешкімге керегі жоқ үлкен дау туындайды, — деді Куча.

Айта кету керек, Черчесовтың поляк футболында табысты тәжірибесі бар — 2015/16 маусымында ол Варшаваның «Легия» командасын чемпионат пен ел кубогында жеңіске жеткізді.