07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Полиция Парижде Фрэнсис Нганнудың пәтеріне қателесіп басып кірді

Championat.com хабарлауынша, UFC-дің бұрынғы ауыр салмақтағы чемпионы (120 кг дейін) қазіргі PFL файтері Фрэнсис Нганну Парижде жағымсыз оқиғаға тап болды.

Қап бүгін таңертең Парижде өте оғаш жағдай болды, көптеген полицейлер күдіктіні іздеп пәтерге басып кірді. Мен және менің отбасым олар іздеп жүрген адамдарға ұқсамаймыз бірақ туыстарым қатты қорқып қалды

— деп жазды спортшы әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік Нганну — қазіргі PFL промоушенінің файтері. Ол соңғы жекпе-жегін 19.10.2024 күні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткізді. Сол кездесуде камерундық ауыр салмақты спортшы бразилиялық Ренан Феррейраны бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп шықты.