04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Погба Монакода мансап жалғастыруы мүмкін

Погба Монакода мансап жалғастыруы мүмкін

Foot Mercato мәліметінше, Поль Погба «Монако» құрамына қосылуы мүмкін. Француз жартылай қорғаушысы допингке байланысты дисквалификациядан кейін жаңа клуб іздеуде.

Бұған дейін ойыншының «Марсельге» ауысуы туралы ақпарат тараған болатын — бірақ мұндай жағдайдың болуы екіталай. Орта желіні күшейту қажет болған монегасктар ойыншыны трансферлеу ұсынысын алды.

Еске сала кетейік, «Ювентус» допинг-тест оң нәтиже көрсеткеннен кейін қарашада Погбамен келісімшартты бұзған болатын.