16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

PFL-дің жеңілмеген файтеріне Махачкалада шабуыл жасалды

PFL-дің жеңілмеген файтеріне Махачкалада шабуыл жасалды

РБК мәліметі бойынша, 15 шілде кешінде Махачкалада PFL файтері Тимур Хизриевке шабуыл жасалды – бетперде киген екі белгісіз адам оған травматикалық тапаншадан оқ атты.

Оқиға Данияловтар көшесінде болды – шабуылдаушылар спортшыға көліктен шығып жатқан сәтте шабуыл жасады. Бақылау камералары шабуыл сәтін түсіріп алған, нәтижесінде файтерге бес оқ тиген.

Тимур Хизриев – жартылай жеңіл салмақтағы PFL Гран-приінің қазіргі жеңімпазы, оның ММА-дағы кәсіби рекорды 18 жеңіс, жеңілісі жоқ.