07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пертте Ульберг пен Рейес қатысатын UFC турнирі өтеді

Пертте Ульберг пен Рейес қатысатын UFC турнирі өтеді

UFC.com хабарлағандай, UFC Fight Night турнирі 28 қыркүйекте Австралияның Перт қаласындағы RAC аренасында өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақ рейтингінің үшінші нөмірі, Жаңа Зеландиялық Карлос «Black Jag» Ульберг (12-1) дивизионның сегізінші нөмірі, америкалық Доминик «The Devastator» Рейеспен (15-4) кездеседі.

Билеттердің жалпы сатылымы 8 тамызда басталады — әр адам ticketek.com.au сайты арқылы төрт билетке дейін сатып ала алады.

Турнир картасында келесі жекпе-жектер жарияланды:

  • Жартылай ауыр салмақта Джимми Крут пен Иван Эрслан
  • Ауыр салмақта Джуниор Тафа мен Ибо Аслан
  • Әйелдер жеңіл салмағында Мишель Монтагью мен Луана Каролина
  • Жеңіл салмақта Том Нолан мен Эван Элдер
  • Әйелдер минималды салмағында Лома Букбунми мен Алексия Тайнара

Жанкүйерлер үшін ашық жаттығулар, баспасөз конференциясы және салмақ өлшеу рәсімі ұйымдастырылады.