Оқу уақыты: 1 мин

Перейра UFC 317 турнирінде Анкалаевпен реваншты қабылдамады

Перейра UFC 317 турнирінде Анкалаевпен реваншты қабылдамады

Ариэль Хельванидің твиттері хабарлағандай, Алекс Перейра маусым айына жоспарланған UFC 317 турнирінде Мағомед Анкалаевпен реванш жасау туралы UFC ұсынысынан бас тартты.

Еске сала кетейік, шамамен екі ай бұрын Анкалаев төрешілердің бірауызды шешімімен Перейраны жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атаққа ие болған еді.

Жақында Перейраның әлеуметтік желілерінде UFC-мен келіссөздердегі қиындықтарға байланысты мансабын аяқтау туралы ақпарат пайда болды — кейін спортшы бұл хабарламаларды жоққа шығарып, аккаунтының бұзылғанын мәлімдеді.

«Егер Перейра халықаралық жекпе-жектер аптасында шығғысы келмесе, алға жылжиық. Мен бәріне дайынмын», — деді Мағомед Анкалаев.