27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Пеп Гвардиола: «Бұл жеңіс бізге ауадай қажет болды»

City Xtra хабарлағандай, «Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола командасының «Тоттенхэмді» 1:0 есебімен жеңген матчын жоғары бағалады.

«Бұл жеңіс пен үш ұпай – бізге қазір өте-өте қажет нәрсе», – деді Гвардиола.

Ол бірінші таймда көптеген мүмкіндіктердің жүзеге аспағанын, сондықтан ойынның екінші бөлігі қиынға соққанын айтты.
«Қиын болатынын түсіндік, бірақ жігіттер тапсырманы орындады», – деп атап өтті бапкер.

Гвардиола жас ойыншылардың өнеріне ерекше тоқталды:

«Хусанов керемет деңгей көрсетті. Рубен Диаш пен Матеуш Нунеш (оң жақ қорғаушы позициясында ойнаған) – барлығы тамаша матч өткізді».

Сондай-ақ, Гвардиола «Тоттенхэмнің» ойынына таңданысын білдірді:

«Олардың мен көрген ең мықты құрамдардың бірі, ал бапкері – ерекше маман. Кулусевски, Сон Хын Мин, Спенс – бәрі ойынға үлкен әсер етті. Әсіресе бірінші таймда олар керемет ойнады. Фантастикалық команда!»