15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Педридің анасы оны әр матч алдында қырынуға мәжбүрлейді

Педридің анасы оны әр матч алдында қырынуға мәжбүрлейді

Mundo Deportivo мәліметінше, «Барселона» жартылай қорғаушысы Педри Гонсалес анасымен байланысты ерекше дәстүрі туралы әңгімеледі.

«Анам мені әрдайым матч күні қырынуға мәжбүрлейді. Егер мен бұны жасамасам, ол мені ұрсады», — деп күлімсіреп бөлісті 22 жастағы футболшы.

Бүгін Педри ойнайтын Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Болгария командасымен кездеседі.