21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пауло Коста Хамзат Чимаевтің күрес стилін сынға алды

Пауло Коста Хамзат Чимаевтің күрес стилін сынға алды

Бразилиялық жауынгер Пауло Коста UFC 319 турнирінде Дрикус дю Плессиге қарсы чемпиондық жекпе-жекте Хамзат Чимаевтің өнерін сынға алды деп хабарлайды The Ariel Helwani Show.

UFC – бұл ойын-сауық. Мұндай жауынгерлер бизнесті құртуы мүмкін. Дана Уайттың «Ол керемет өнер көрсетті» деген сөзі мені таңқалдырды. Жоқ, олай емес. Ол жанкүйерлер үшін өте нашар өнер көрсетті. UFC Paramount-пен келісім жасады, бірақ адамдар басқа нәрсе көреді. Олар жігіттердің 25 минут құшақтасып жатқанын көргісі келмейді, – деді Коста.

Еске сала кетейік, Хамзат Чимаев турнирдің басты оқиғасында дю Плессиді жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды. Жекпе-жектен кейін шешен жауынгері қазан айында Әбу-Дабиде өнер көрсеткісі келетінін білдірді – алайда бұл жоспарлар жүзеге аспайтын болды.