14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пауэрлифтингтен әлем чемпионаты: Екі қазақстандық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді

Пауэрлифтингтен әлем чемпионаты: Екі қазақстандық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді

Мысыр астанасы Каирде өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фариза Толжан 298 келі нәтижемен әлем чемпионы атанды.

Ерлер арасында 88 келіге дейінгі салмақта Рахметжан Хамаев 592 келі көтеріп, күміс медальға қол жеткізді.

Беделді бәсеке 17 қазанға дейін жалғасады. Алдағы уақытта ұлттық құраманың өзге де спортшылары ел намысын қорғайтын болады.