27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Павлодарда жаңа стадион салу мәселесі қарастырылып жатыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Павлодарда жаңа стадион салу мәселесі қарастырылып жатыр

Павлодар қаласында 12 мың көрерменге арналған заманауи футбол стадионын салу мүмкіндігі талқылануда. Жоба қазіргі уақытта әзірлеу кезеңінде.

Қолданыстағы Орталық стадионды бұзу жоспарланбаған — ол балалар секциялары мен жаттығу процесі үшін сақталуы мүмкін.

Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановтың айтуынша, екі нұсқа қарастырылып жатыр: ескі аренаны күрделі жөндеуден өткізу немесе Спорт-сити ауданында жаңа стадион салу. Жаңа арена халықаралық матчтарды, соның ішінде УЕФА талаптарына сай еурокубок ойындарын қабылдай алады.

Айта кетейік, жаңа стадион салу алдағы екі жылдық жоспарға енгізілмегенімен, дайындық жұмыстары басталып кеткен. 2023 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде Орталық стадионның трибуналары қанағаттанарлықсыз күйде екені анықталған: солтүстік трибуна апатты жағдайда деп танылып, қалған бөліктері күрделі жөндеуді қажет етеді.