03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Павлодарда тарихи сәт: Freedom QJ League қыздар лигасының алғашқы ойыны өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Павлодарда тарихи сәт: Freedom QJ League қыздар лигасының алғашқы ойыны өтеді

7 маусым күні Павлодар қаласында нәзік жандыларымыз көптен күткен маңызды оқиға — Freedom QJ League қыздар лигасының алғашқы ресми ойыны өтеді. Бұл тарихи матчта жергілікті «Ертіс» командасы мен Қарағандылық «Шахтёр» алаңда алғаш рет күш сынасады. Жанкүйерлерге бұл тартысты ойын ұмытылмас әсер сыйлайтыны сөзсіз.

Спорттық шара аясында түрлі қызықты ойындар мен интерактивтер ұйымдастырылып, көрермендер үшін ерекше көңіл күй сыйлайды. Кешті әйгілі әнші Мирас Жүгінісовтің концерттік бағдарламасы ашады.

Шараға билеттерді Тикетон сайтынан сатып алуға болады.

https://ticketon.kz/pavlodar/event/freedom-qj-league-devushky