16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Павел Евтеев «Қайсар» мен «Тобыл» тең түсуін заңды нәтиже деп атады

Павел Евтеев «Қайсар» мен «Тобыл» тең түсуін заңды нәтиже деп атады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев ҚПЛ-дің 12-ші турында қызылордалық «Қайсар» мен қостанайлық «Тобыл» 1:1 есебімен тең түскен матч нәтижесіне пікір білдірді.

«Қайсар» соңғы уақытта, әсіресе өз алаңында ойнағанда, тұрақты түрде ұпай жинап келеді. Қызылордалықтар чемпионаттағы кез келген команда үшін қиын қарсылас болып табылады. Биылғы маусымда Виктор Кумыковтың шәкірттері «Астана» мен «Қайраттан» ұпай тартып алған болатын. «Тобыл» да бұдан тыс қалған жоқ. Тең есеп — осы қарсыластықтың заңды қорытындысы», — деді Евтеев.

Матч қорытындысы бойынша қостанайлық клуб 24 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр, ал қызылордалық команда 12 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан.