25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Павел Евтеев Артем Дзюбаның «Қайратқа» ауысуы жайлы пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Павел Евтеев ресейлік шабуылшы Артем Дзюбаның алматылық «Қайратқа» ауысу мүмкіндігіне қатысты пікірін айтты.

«Бұл жайында көп ақпарат тарады, бірақ ресми растау жоқ. Сондықтан әзірге бәрі жай әңгіме деңгейінде», – деді ол.

Евтеевтің айтуынша, Дзюбаның артықшылығы – Ресей құрамасы мен РПЛ-дегі тәжірибесі. Алайда кемшілігі – жасы және толық ойын өткізу жиілігінің аздығы.

Айта кетейік, «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаев келіссөздердің жүріп жатқанын растады. Қазір Дзюба Ресейдің «Акрон» клубында ойнап жүр.