25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Патрик Фишер ярославлық «Локомотивті» басқаруы мүмкін

Патрик Фишер ярославлық «Локомотивті» басқаруы мүмкін

«Спорт-Экспресс» журналисі Артур Хайруллиннің мәліметінше, Патрик Фишер Гагарин Кубогының қазіргі иегері – ярославлық «Локомотивтің» бас бапкері қызметіне негізгі үміткер болып табылады.

Команданың әлеуетті жаттықтырушылары тізіміне тоғыз ай бұрын «Барыстың» бас бапкері қызметінен кеткен Дэвид Немировски де кіреді.

Фишер он жыл бойы Швейцария құрамасын басқарып келеді – оның жетекшілігімен команда екінші жыл қатарынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, «Локомотивтің» бас бапкері қызметі Игорь Никитин команданы Гагарин Кубогына жеткізгеннен кейін мәскеулік ЦСКА-ны басқару туралы шешім қабылдауына байланысты босады.