07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Париждегі UFC жарысының басты жекпе-жегінде Имавов пен Борральо төбелесті

Париждегі UFC жарысының басты жекпе-жегінде Имавов пен Борральо төбелесті

Франциялық файтер Нассурдин Имавов (16-4) Парижде (Франция) өтіп жатқан UFC Fight Night 258 турнирінің басты шайқасында бразилиялық Кайо Борральюмен (17-1) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Имавов пен Борральо бес раундқа жоспарланған орта салмақта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жектің нәтижесі 50-45, 49-46, 49-46 есебімен француз cпортшысының пайдасына аяқталды.

Осылайша, Нассурдин Имавов аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Кайо Борральо екінші рет жеңіліске ұшырады. Осы жекпе-жекке дейін Имавов UFC орта салмақтағы рейтингінде екінші, ал Боррало жетінші орында болған еді.