21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Париж Олимпиадасының чемпионы Хелиф рингке қайта шықпайды

Париж Олимпиадасының чемпионы Хелиф рингке қайта шықпайды

Гендерлік тексеріс дауына іліккен алжирлік боксшы Иман Хелиф спорттық мансабын тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның бұрынғы менеджері Насcера Йесфаха хабарлады. Nice-Matin басылымының дерегінше, спортшы қазір ауыр күйзеліске ұшыраған.

«Иман бокстан толықтай қол үзді. Олимпиададан кейін жаттығуларға да қайта кіріскен жоқ. Егер ол кәсіби рингте өнер көрсеткісі келсе, тағы да дәл сондай тексеруден өтуге мәжбүр болады», – деді Йесфаха.

Айта кетейік, 2023 жылы Үндістанда өткен әлем чемпионатында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған гендерлік тесттен Хелиф өте алмады. Сол жарыста Тайвань спортшысы Линь Юйтин де сынақтан өтпей қалған еді. Алайда Халықаралық Олимпиада комитеті екеуіне де 2024 жылғы жазғы Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берді. Парижде өткен додада Иман Хелиф 66 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.