24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

PARIVISION керрисі жүлде ақшасының жұмсалуы туралы айтты

PARIVISION керрисі жүлде ақшасының жұмсалуы туралы айтты

PARIVISION командасының керрисі Алан «Satanic» Галлямов Twitch платформасындағы эфир кезінде жүлде ақшасына қатысты жоспарларымен бөлісті.

«Әзірге сатып алатын ештеңе жоқ. Мен тек қалаған скиндерімді ғана сатып аламын. Жақында CS-те көбелек пышақ сатып алдым. ‘Дотада’ бірдеңе сатып ала аламын. Үлкен заттарды әзірге жоспарламаймын», — деді киберспортшы.

2023 жылы кәсіби мансабын бастаған 17 жастағы ойыншы — жүлде ретінде 320 мың доллардай ақша тапқан. Биылғы қазан айында Алан Галлямовқа 18 жас толады.