05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

PARIVISION CS2-де 19 жастағы ойыншыны қосты

PARIVISION CS2-де 19 жастағы ойыншыны қосты

PARIVISION киберспорт клубы CS2 құрамын күшейтті — командаға ресейлік Владислав «xiELO» Лысов қосылды.

19 жастағы киберспортшы GUN5 командасынан ауысып, негізгі құрамдағы Александр «TRAVIS» Тимкивті алмастырды — соңғысы қосалқы ойыншылар қатарына өтті. Трансфердің қаржылық шарттары жарияланбады.

«XiELO — жас әрі перспективалы ойыншы, оны үздік клубтар бұрыннан бақылауда ұстап келеді. Дәл қазір оны қосып алу мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз — ол сенімді мерген, оның келуі құрамымыздың шабуыл күшін арттырады», — деді PARI Esports бас директоры Сергей Гламазда.

PARIVISION-ның жаңартылған құрамы The Proving Grounds Season 1 турнирінде дебют жасайды — жүлде қоры €75 мың болатын жарыс онлайн форматта өтеді.